10 адам ұсталды: Қырғызстанда саясаткерлерге қатысты жаппай тінту жүргізіліп, тергеу басталды
Фото: Kaktus.media
22 қараша, сенбі күні Қырғызстанда бірқатар саясаткерлерге, олардың туыстарына және медиа өкілдеріне қатысты тінтулер, ұстаулар жүріп, тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Барлық оқиғаны біріктіретін нәрсе — ҚК-нің 278-бабы «Жаппай тәртіпсіздік» бойынша қозғалған қылмыстық іс. Іс ауқымының кеңдігі, күдіктілер санының көптігі және туыстардың тергеуге тартылуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған Kaktus.media жазды.
Темірлан Сұлтанбековтың ұсталуы
22 қараша таңертең ведомство саясаткер Темірлан Сұлтанбековке қатысты тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ол билікті жаппай тәртіпсіздік арқылы өзгертуге үндеді деген күдікке ілінді. ҚК-нің 278-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сұлтанбековтің үйінде тінту жүргізілгеннен кейін оны тергеу қызметіне жеткізді. ІІМ баспасөз хабарламасына жасырын камераға түсірілген видео қоса берілген. Онда саясаткердің жүргізушімен және тұлғасы анықталмаған егде адаммен биліктің ауысуы туралы сөйлесіп отырғаны көрсетілген.
Атамбаевтың ұлының тергелуі
Осы іс бойынша Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев та тергеуге алынды.
Тергеуде бұрынғы бірінші ханым Раиса Атамбаева да болды. Қыздары Әлия Шагиеваның айтуынша, тінту таңғы алтыда басталып, кейін анасы мен бауырын тергеуге алып кеткен. Ол бұл жағдайды саяси қудалау және адам құқықтарын бұзу деп атады. Кейін Раиса Атамбаева босатылды.
Экс-депутат Шайлообек Атазовтың үйіндегі тінту
Бұрынғы депутат Шайлообек Атазовтың үйінде де тінту жүргізілді. ІІМ тергеу амалдарының болғанын растады.
Экономикалық қылмыстарға қарсы қызметтің экс-басшысы тергелді
22 қараша таңертең Қаджи-Сайда ІІМ қызметкерлері Экономикалық қылмыстарға қарсы мемлекеттік қызметтің бұрынғы төрағасы Сыймык Жапыкеевті ұстап, жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша тергеуге Бішкекке жеткізді. Оның Сұлтанбековпен және Атамбаевпен байланысы әзірге дәлелденбеген. Кейін ол босатылды, тергеу мәліметтері жарияланбады.
Экс-депутат Кубанычбек Кадыровтың үйіндегі тінту
22 қараша таңертең кұш құрылымдары оның үйіне барып, жаппай тәртіпсіздікке шақыруға қатысы бар деп айыптады. Саясаткердің айтуынша, бастапқыда олар өзін көрші ретінде таныстырып, кіріп алған соң пәтерді тінтуге кіріскен. Кейін ол ұсталды.
Журналист Дмитрий Ложниковтың үйіндегі тінту
«Апрель» телеарнасының бұрынғы бас директоры тінту оның бұрынғы жұбайының, балалары тұрып жатқан пәтерінде өткенін хабарлады. Дмитрий Ложников Сұлтанбеков және Атамбаевпен байланысын жоққа шығарды.
«Мен олардың нөмірлерін бір жылдан астам уақыт бұрын бұғаттағанмын. Бұл адамдар маған мүлдем қажет емес. Мен төңкеріспен айналыспаймын — мен тілшілік қызметпен айналысамын» деп жазды ол.
Тінтуден кейін оның бұрынғы жұбайын тергеуге алып кеткен, бірақ кейін босатқан.
Адахан Мадумаровтың үйіндегі тінту
Саясаткердің телеграм-арнасында оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат жарияланды. Құқық қорғаушылар сейф, камералар, ноутбуктер, телефондар және басқа да жеке заттарды тәркілеген. Кейін Мадумаровты белгісіз жерге алып кеткен. Оның ұлы мен жұбайы да ұсталған. Кешке қарай ол босатылды.
БАСҚА ДА ҰСТАЛҒАН САЯСАТКЕРЛЕР
Темірлан Сұлтанбеков, Қадырбек Атамбаев және Шайлообек Атазов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы уақытта Бірінші Май аудандық соты олардың бұлтартпау шарасын анықтайды.
Сонымен қатар экс-президент Атамбаевтың бұрынғы қорғаушысы Дамир Мусакеев және «Социал-демократтар» партиясының мүшесі Ермек Эрматов та ұсталды.
Барлығы 10 адам ұсталған. Олардың қатарында саясаткерлер, экс-депутаттар және бұрынғы силовиктер бар. Ведомствоның нұсқасы бойынша, олар Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған. Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, 150 мың доллар көлеміндегі ақша, қаржыландыру құжаттары және әрекет жоспары тәркіленді.
Қосымша ақпарат
Бұған дейін Қырғызстанда бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары экстремистік деп танылған. Сот шешімі олардың интернеттегі жұмысын іс жүзінде бұғаттады.
Есске салсақ, қыркүйек айының соңында Қырғызстан депутаттары парламенттің өзін-өзі тарату туралы қаулысын мақұлдады. Бұл бастаманы 89 депутаттың 84-і қолдап дауыс беріп, Қырғызстан парламенті өзін-өзі таратты.
Сонымен қатар Қырғызстан аузынан қағынып, опық жеген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды. Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қырғыз елі оны ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық