«1 млрд бөлген жол қайда?»: Ақтөбеде наразы халық жиналды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеліктер 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп, 3 шақырым жолды сала алмай отыр. Уақытында аяқталмаған жол құрылысы тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Жаңақоныс-1 тұрғын алабының халқы бүгін БАҚ өкілдерінен араша сұрады. Айтуларынша, әкімдікке барып та, шенеуніктерді шақырып та шаршаған.

«Абай көшесіне ақша бөлді. Биыл жазда бітеді деді. Қайда? Ақтөбеде Менделеев кестесінің барлық элементі бар. Мұнайдың, хромның, алтынның ақшасы қайда кетіп жатыр? Бөлінген ақшаны неге бақыламады? Қадағаламаған адамдар жауапқа тартылсын. Жаңбыр жауса, балшық кешіп кетеміз», — деді тұрғын Марат Жалғасбаев.
Тұрғындар қала іргесіндегі ауданды қалыпқа келтіруді сұрады.
«Иманов көшесінде 2003 жылдан бері тұрамын. Бізде жол жоқ, жарықты дұрыстасын. Балаларға ойын алаңы керек. Кішкентай спорт кешенін саламыз деп бұзды. Бірақ ол да салынбай қалды. Ақтөбеде тұрамын деп айтуға ұяламын», — деді тұрғын Рысбике Досанова.

Тұрғындар ең болмаса мектепке баратын балаларға жүргіншілер жолын тезірек қарастыруды сұрайды.
«Тап қазір асфальт салады деп айта алмаймын. Мына мектепке баратын, аялдамаға шығатын балаларға жол керек. Ақтөбенің күзі мен көктемі жаңбырлы. Балаларға обал. Және көшеде артық бағана көп, соны алып тастаса екен. Бұрыннан қалып қойған. Бір көшеде 6 қатар тұр», — деді тұрғын Сейілхан Төлебаев.
Жол құрылысын тезірек аяқтауды талап еткен тұрғындармен кездесуге облыстық мәслихат депутаты келді.
«Мердігер міндетін толық атқармай отыр. Сондықтан біз кемшілікті жою жөнінде ұйғарым жаздық. Егер содан кейін де кестеге сай жұмыс жүргізбесе келісімшарт үзіледі. Жоба бойынша асфальт төсеп, жарықтандыруы тиіс еді. Қазір тек жолдың тек негізін салған, кей жерлер жарықтандырылған», — деді облыстық мәслихат депутаты Сансызбай Фархад.
Айтуынша, Абай көшесіндегі жол құрылысы былтыр басталды. Биыл аяқтауы тиіс еді. Көшеде тек қиыршық тас жатыр.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл жердегі жол құрылысына «Жерұйық-Консалтинг» компаниясы жауапты. Биыл асфальт төселуі тиіс Абай және тағы қосымша 3 көшені қосқанда — 3 шақырым жол. Құны - 959983,636 теңге.
Жоба құрылысы 2025 жылдың 31 тамызында аяқталуға тиіс.
«Қазіргі кезде жұмыс баяу жүруіне байланысты ескертпе хат жолдадық. Егер сол мерзімде қызметін аяқтамаса сотқа беріп, шартты бұзамыз», — деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Әліби Аманшиев.
Он жыл бұрын Абайдың аты берілген Ақтөбедегі көше осындай жыларман күйде. Жаңбыр жауса, балшық кешіп, мазасы қашқан қараша халықтың жағдайы осы.
Еске сала кетсек, Ақтөбедегі сапасыз жұмысты желіде көрсетіп, Ақорданы белгілеймін деп қала әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлынан сөз естіген белсенді Астанада жүр. Ол шендінің сөздеріне құзырлы органдардың назар аударуын сұрайды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық