1 қалпақ үшін 9 қазақ сотталды: Қаржаубай өзін «қарақалпақ» дегендерге жауап берді
Фото: Orda.kz
Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шыққан соң Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасына кейбіреулер «қалпақ» деп тіл тигізді. Дегенмен Шерзаттың әкесі мұндай сөздерді алғаш рет естіп отырған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрымов бұл сұхбатты журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген. Ол онда өзін «арандатушы» деп айыптағандарға да жауап берді.
Қаржаубай «қалпақ» деген сөздерді алғаш рет естіп отырған жоқ. Айтуынша, соңғы 35 жыл бойы «оралман», «қалпақ» секілді кемсіту сөздерден көз ашпаған.
«1986 жылы ата-анам Қарақалпақстаннан көшіп келген. Өзім Қазақстанда өстім, мектепке, балабақшаға бардым. Азаматтық алып, өмірімнің 35 жылын осы елде өткіздім. Бірақ бала күнімнен бастап мені «оралман» деп келемеждейтін. Бұл жағдайдан кейін тіпті күшейіп кетті. Сотта біреудің: «Тоғыз жергілікті қазақ бір қалпақ үшін сотталып жатыр» дегенін де естідім. Мүмкін, кейбіреулер осы сөзге сүйеніп, сотталушылардың жазасын жеңілдеткісі келген шығар. Бір адам тіпті бетіме қарап тұрып: «Әрине, Қаржаубай, сен қазақсың, бірақ тек биологиялық тұрғыда. Географиялық тұрғыда сен қазақ емессің», – деді. Айтарым – Алла бәрін көріп тұр, бағасын өзі береді», – деді Шерзаттың әкесі.
Қаржаубай Нұрымов Қонаевтағы уақытша ұстау изоляторында болғанда, ондағы басшылық өзіне блогерлермен және журналистермен сөйлеспеу туралы ескерту жасағанын айтты. Себебі бұл әрекет халықты митингіге немесе арандатуға итермелеуі мүмкін деген уәж келтірген. Ол тіпті елден кету туралы шешімді іштей қабылдағанын, бірақ кейін бұл ойынан бас тартқанын жеткізді.
«Мен ешқашан халықты митингіге де, арандатуға да шақырған емеспін. Тіпті іс жүріп жатқанда блогерлермен де байланысым болмады. Бар мақсатым — әділдікке қол жеткізу. Маған сондай ұсыныспен келгендердің өзіне бірден тойтарыс бердім. Халықтың зардап шеккенінен маған келер еш пайда жоқ. Қайғы менікі, өлген бала менікі, мәселе де менікі. Ал қазақ халқына тек алғысым шексіз. Егер халық бұл іске назар аудармағанда, бүгінгі күнге жетпес едік», – деді Нұрымов.
Айта кетейік, үкім оқылғаннан кейін сотталғандардың туыстары сот залында айғай-шу шығарып, Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қарата «қалпақтар» деген сөзді бейәдеп сөздермен қосып айтқан болатын. Сонымен қатар, сотталған Равиль Сакиевтің анасы соттан кейінгі сөздері үшін айыпұл арқалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық