«Зұлымдық тоқтасын!»: мыңдаған адам Трамптың АҚШ-тағы құйтырқы саясатына қарсы шықты
Фото: бейнеден кадр
Сенбі күні 5 сәуірде бүкіл ел бойынша АҚШ президенті мен оның кеңесшісі Илон Масктың саясатына қарсы 1200-ден астам демонстрация өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters хабарлағандай, наразылық 50 штаттың барлығын қамтыды. «Менің президентім емес!», «Маск Марсқа кетсін», «Зұлымдықты тоқтатыңыз», «Әлеуметтік қамсыздандырудан қолыңды тарт!» деген плакаттармен митингілер федералдық мекемелердің, қала әкімшіліктерінің, штаттардың заң шығарушы жиналыстарының, конгрессмен кеңселері ғимараттарының алдында өтті.
БАҚ хабарлауынша, бұл Трамптың екінші мерзіміндегі ең ірі акцияға айналды.
Адамдар мыңдаған федералдық қызметкерлердің жұмыстан шығарылуына, тұтас агенттіктердің жабылуына, иммигранттардың жер аударылуына, транс-адамдарды қорғаудың қысқаруына және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландырмауға наразы. Олар қарттар мен мүгедектерге жәрдемақы төлеуге жауап беретін басқармаға баж салығы енгізіліп, қысқартулар болып жатқанына қарсы.
Әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, америкалықтар Трамптың президент лауазымындағы алғашқы айларынан-ақ оның құйтұрқы шешімдеріне көңілдері толмаған. Қатысушылар оның сайлау алдында бағаны төмендетуге уәде бергеніне, ал нәтижесінде бүкіл әлеммен сауда соғысын бастағанына наразы.
Наразылықтың Маскке де қатысы бар. Tesla негізін қалаушы ірі бизнесті саясатқа өрескел араластырып жіберген. Бизнесменнен кек алу үшін олар, электр көліктерін өртеп, олар тұрған салондарға шабуыл жасап жатыр.
Наразылық акциялары сондай-ақ Берлин, Франкфурт, Париж, Лондон, Римде өтті.
Жақында Дональд Трамп импорттық тауарларға жаңа сауда баждарын енгізді. АҚШ қосымша тарифтерді қолданатын елдердің арасында 27% мөлшерлеме берілген. АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді. Тізімде Қазақстан да бар. Сауда және интеграция министрлігі салынған салыққа қатысты мәлімдеме жасады.
АҚШ президенті Дональд Трамп бай шетелдік инвесторлар Америка азаматтығын алу үшін сатып алатын «алтын картаның» дизайны қандай екенін көрсетті.
10 сәуірден бастап Қытай АҚШ-тың барлық тауарларынан 34% көлемінде қосымша баж салығын алатын болды.
Трамптың бірінші президенттік мерзімінде кеңесші қызметін атқарған Беннон Трампты қандай айыппен болса да түрмеге жіберуге болатынын, бірақ келесі жылы Өкілдер палатасын қалпына келтірсе, демократтар Трампты бұл қызметтен қуатынын ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық