Зорлау фактісімен сотталған молданың туыстары қызды бопсалап жүр
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 14 жасар қызға зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотты болған ауыл молдасының туыстары зәбір көрген отбасына тыным бермей жатыр. Дәл осындай шағыммен жәбірленуші тарап жергілікте телеарналардың біріне хабарласқан.
«Информбюро» жаңалықтар қызметінің ақпаратына сәйкес, қыз зорламақ болған ауылдың молдасы 15 жылға абақтыға қамалған, енді оның туыстары аппеляциялық сотта кешірім беруін талап етіп қыздың отбасын бопсалауға кіріскен.
– Мен оларды бірнеше рет көрдім. Олар маған келіп арызыңды алмасаң өлесің деп қорқытады. Қолына пышақ ұстап келген кездері де болған, – дейді жәбірленуші қыз.
Анасы олардан аулақ жүру үшін үш рет пәтер ауыстырған. Сонда да қыр соңдарынан қалмаған молданың туыстарына полиция қызметкерлері де еш әрекет жасамаған.
– Полицейлер олардың бопсалау әрекеттерінің дәлелі жоқ екенін айтып, жылы жауып қойды. Қорқытып жатса видеоға түсіріп алыңыз деп айтты. Қандай ана баласын пышақпен қорқытып, машинамен қуып жатса сыртынан қарап тұрып видеоға түсіреді. Кез-келген ана ондай жағдайда тек баласының қауіпсіздігін ойлап, оны қорғауға бар күшін салады, – деді жәбірленушінің анасы.
Қыз бұның бәріне төзе алмаймын деп өз-өзіне қол жұмсамақшы да болған. Полицейлер 105 бап «өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғауға дерек, дәлелдердің болмай тұрғанын айтады.
– Қазір бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нақты дәлелдер болмағандықтан тек бір ғана азамат тергелуде. Ал қыздың анасы болса, бірнеше адамның арттарына түсіп жүргенін жеткізді, – дейді Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция басқармасы бастығының орынбасары.
Жәбірленушінің анасы облыстық соттың әділдігіне сенбей, президент пен ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық