«Зорлап, орманға көмген»: Павлодар тұрғыны 17 жыл бұрынғы қылмысы үшін сотталды
Фото: freepik.com
Павлодарда 17 жыл бұрын қызды зорлап, оны өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz Іrbistv.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам 2008 жылы кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Қылмысқа қатысы бар азаматтар 2009 жылы түрмеге тоғытылды. Бірақ бас фигурант көптеген жылдар бойы жасырынып жүрген.
Тергеу мәліметі бойынша, 2008 жылдың наурызында бір топ жігіт күні бойы ішімдік ішкен. Олар кешке қарай көшеге шыққан. Көшеде олар кәмелетке толмаған қызды көріп, оны қинап үйге кіргізеді. Біраз уақыттан кейін күдікті жәбірленушіні бөлмеге кіргізіп, зорлаған. Кейін жігіттің достары қызды өлтіруге кеңес береді. Олар жәбірленушінің полицияға бар жағдайды айтып қояды деп қорқады. Кейін бір топ жігіт қызды орманға алып барып, тұншықтырып өлтіреді де, сол жерге көміп кетеді. 2009 жылы басты қылмыскерден басқалары ұсталады. Басты фигурант 2023 жылы Краснодар өлкесінде қолға түсті. 2009 жылы сотталғандар бостандыққа шыққан. Олар сотта куәлік берді.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов ер адамды 17 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 19 сәуір күні Меркіде 3 қыз газдан уланып, көз жұмды.
Жаңалықтар
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды