«Зорланған балаларға өмір бойы үкімет қолдау көрсетуі керек» — Ләззат Рақышева
Фото: pixabay
Балалар мен әйелдердің құқығын қорғаушы, заңгер Ләззат Рақышева президентке үндеу жолдады.
Заңгер үндеуінде елімізде зорлық көрген балаларға ешқандай жағдай жасалмағанын айтады.
Үндеуін ол өзінің instagram парақшасына жариялады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің елімізде зорлық көрген балалардың қайтадан қалыпты өмірге оралуына еш жағдай жасалмаған. Баласы зорланған отбасы арыз жазудан бастап, сан түрлі эспертизадан өту, қорғаушы жалдау, аудан мен ауыл арасына жол салу, талай есікті қағу, талай инстанцияны өткеріп, бірнеше мәрте өтетін сот отырыстарына қатысу секілді сатының бәрін өз қаражатына өтеді. Зорлықшы сотталып, моральдық шығын өтелгеннің өзінде көбіне осы сотқа дейінгі кеткен қаражатты жапса қалай! Ал одан кейінгі баланың психологиялық көмек алуы, реабилитациядан өтуіне ондаған жыл керек. Ондаған жылда миллиондаған шығын кетеді. Оған көп ата-ананың жағдайы келмейді. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің қорғауымыздағы балалардың ісі барлығы әлеуметтік осал топтағы отбасы санатынан. Бір ғана баланың ата-анасының әлеуметтік жағдайы жақсы.
Сәйкесінше, ол медициналық көмекпен қатар психологиялық көмек алуда, жағдайы күн санап жақсарып келеді. Қалған баланың тағдыры тас талқан деген сөз. Балаларды қорғау керек. Әсіресе, зорлық-зомбылық көрген балалар ерекше қамқорлыққа мұқтаж.
Ол үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама жасақталса екен. Соның аясында зорлық көрген балаларға қалыпты өмірге оралуына әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл сайын белгілі бір уақытта демалыс орындарына тегін жолдама берілсе, тегін медициналық және психологиялық көмек берілсе, жөн болар еді.
«Баласының тағдыры тәлкекке ұшыраған отбасы өз мұңымен өзі арпалысып, жалғыз қалып қоймауы керек. Осы ретте мемлекет қамқорлығы керек. Өйткені бұл жерде мәселе мемлекеттің болашағы саналатын балаларға қатысты болып отыр» деп жазды заңгер Ләззат Рақышева.
Жаңалықтар
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады