Әзірбайжан Армения әскерлерінің оқ атқанын хабарлады
Кавказский Узел
Армения әскерилері шекаралық аймақтан Әзірбайжан әскерилерінің Қалбажар аймағындағы позицияларына оқ жаудырды. Бұл туралы Әзірбайжан қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, атылған оққа келесі тарап та жауап қайтарған.
«8 шілде күні кешке Армения қарулы күштері бөлімшелері мемлекеттік шекараның Басаркечер ауданындағы Зяркент елді мекені бағытында өз позицияларынан Қалбажар ауданындағы Йухары Айрым елді мекені бағытында орналасқан армиямыздың позицияларына оқ жаудырды. Әзірбайжан армиясы бөлімшелерінің тиісті ден қою шараларының нәтижесінде жау ауыздықталды» делінген агенттік сайтында.
Армения Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Агенттік сайтында тек 7 шілдедегі атыс туралы айтылған.
«7 шілдеде сағат 16:15 шамасында Әзірбайжан қарулы күштері бөлімшелері Армения-Әзірбайжан шекарасының батыс бөлігінде, атап айтқанда Вайоцдзор ауданы Елпин ауылында орналасқан армян әскерилерінің позицияларына әртүрлі, соның ішінде ірі калибрлі мылтықтардан оқ жаудырды. Салдарынан азаматтық көлік зақымданған. Армян жағының жауап әрекетімен Әзірбайжан бөлімшелерінің атысы ауыздықталды. Армян тарапынан зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
Армения мен Әзірбайжан шекарасында оқтын-оқтын атыс болып тұратыны белгілі. Қарабақ төңірегіндегі шиеленіс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қарабақ қақтығыс аймағында бронетранспортер мен артиллерия қолданған шайқастар басталған кезде қайта ушықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық