Әзірбайжан Қарабақ келісімінің бұзылғанын жоққа шығарды
Әзірбайжан Ресей Қорғаныс министрлігінің Қарабақ бойынша келісімдердің бұзылғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарады.
РФ Қорғаныс министрлігі «Әзірбайжан әскерилері Қарабақ бойынша үшжақты келісімдерді бұзып, ресейлік бітімгершілік күштерінің жауапкершілік аймағына кіріп, Қарабақ армиясының бөлімшелеріне түрік ұшқышсыз ұшақтарынан оқ жаудырды» деп мәлімдеді.
Баку бұл айыптауларды жоққа шығарып, Әзірбайжан тарапынан ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтады.
«Әзірбайжан 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты мәлімдеменің бірде-бір пунктін бұзған жоқ. Керісінше, осы мәлімдеменің 4-тармағына сәйкес, Армения армиясының және басқа да заңсыз армян қарулы құрылымдарының қалдықтары Әзірбайжанның Қарабақ аймағынан әлі шығарылмағанын өкінішпен мәлімдейміз. Демек, мәлімдеменің тармақтарын Әзірбайжан емес, Армения бұзып отыр» делінген Әзірбайжан әскери ведомствосының мәлімдемесінде.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі ресейлік тарапты «Әзірбайжан қарулы күштерінің біздің елдің егеменді аумақтары шегінде қозғалысы туралы мәліметтерді бұрмаламауға» және «Таулы Қарабақ» терминін қолданбауға шақырды.
Республиканың әскери ведомствосы «Ресей Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 26 наурыздағы біржақты және шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемесіне» өкініш білдірді.
Баку 25 наурызда Әзірбайжан мен Ресей қорғаныс министрлері Закир Гасанов пен Сергей Шойгудың телефон арқылы сөйлесуінде Қарабақтағы жағдайдың талқыланғанын қосты.
«Әңгімелесу барысында Әзірбайжан тарабы бақылау-өткізу бекеттерінде позициялар мен орындар нақтыланып жатқанын мәлімдеді. Осыған қарамастан, 26 наурыз күні таңертең армян қарулы жасақтарының мүшелері Әзірбайжан армиясының бөлімшелеріне заңсыз шабуыл жасамақ болды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде армян қарулы жасақтарының мүшелері шегінуге мәжбүр болды» деп атап өтті әскери ведомство.
Арменияның сыртқы істер министрлігі кеше Әзірбайжан қарулы күштері Ресей бітімгершілік миссиясының жауапты аймағындағы Таулы Қарабақтағы түйіспе сызығын бұзып, СҚО Әскеран ауданындағы Парух ауылын басып алғанын хабарлады.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі ресейлік бітімгершілік контингентінің орналастырылған аймағында қарулы оқиға болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан армиясының бөлімшелері күш қолданбай позициялар мен орналастыру нүктелерін нақтылау үдерісін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Танылмаған Таулы Қарабақ Республикасында әскери жағдай енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық