«Жыртыс таратуға да рұқсат жоқ»: қайтыс болған адамның үйінде ас беруге тыйым салынды
Фото: gov.kz
Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы елде қайтыс болған адамның үйінде 3 күнге дейін мал сойып, ас беруге тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Муфтият марқұмды жерлеу және оған құран бағыштау рәсімдеріне қатысты жаңа пәтуа шығарды. Енді қайтыс болған адамның үйінде алғашқы үш күнде мал союға және ас беруге қатаң тыйым салынды.
Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, бұл шешім үкімет қаулысына сәйкес ысырапшылықтың алдын алу мақсатында қабылданған. Сонымен қатар бейсенбілік, жетісі, қырқы және жылы берілген аста да мал союға рұқсат жоқ.
«Бұл пәтуаның мақсаты – қаралы отбасына ауыртпалық салмау және қазаның қамын емес, дұғасын жасауға көңіл бөлу», деп хабарлады Қырғызстан діни басқармасы.
Жаңа пәтуаға сәйкес, енді марқұмға бағышталып оқылатын құран күндерінде жыртыс таратуға да тыйым салынды. Киім-кешек, орамал немесе басқа да киіт үлестіру ысырапшылдық саналады екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық