«Жүргізушінің жағдайы белгісіз»: 2 тонналық жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті
Фото: Kyoda
Жапонияда 2 тонналық жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті. Көлік жүргізушісінің жағдайы белгісіз. Құтқарушылар үшінші күн қатарынан құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ясииро қаласында аяқ астынан алып шұңқыр пайда болды. Ол шұңқырға 74 жастағы жүргізуші жүк көлігімен түсіп кетті. Кеше, 29 қаңтар күні таңертең құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шұңқыр тағы опырылды. Ол жерден құтқарушылар әрең қашып құтылды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, шұңқыр кәріз құбырының жарылуынан пайда болған. Сондықтан ағынды су айналасындағы топырақты шайып кетіп, құтқарушыларға қауіп төндіріп жатыр. Әрі шұңқырға су тола бастапты.
Әзірге жүргізушіден хабар жоқ. Бастапқыда ол төтенше жағдайлар қызметімен байланысқан, кейіннен байланыс үзіліпті. Ер адамның денсаулығы туралы ешкім ештеңе білмейді.
Билік шұңқырдағы суды азайту үшін ағынды суларды жақын маңдағы өзенге ағызды. Сонымен қатар көрші қалалардағы 1,2 миллионнан астам тұрғыннан суды көп пайдаланбау сұралды.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі