Жылу электр станцияларына қадағалау күшейтіледі
Риддер ЖЭО. Сурет: Orda.kz
Республиканың кейбір ЖЭО-лары жекенің қолында болғандықтан, олардың қызметіне бақылау орнату өте қиын.
Атап айтқанда, инвестициялық бағдарламаларға байланысты жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтардың сатып алынуын қадағалай алмайды. Бұл тақырыпқа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тоқталды.
Мысал ретінде, «Риддер ЖЭО» АҚ-ның бұрынғы иелері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбеген, салдарынан өткен жылу беру маусымында станциядағы қазандық қондырғылары бірінен соң бірі істен шықты, қала дұрыс жылытылмады.
Қазір Риддер ЖЭО-ның бұрынғы жұмысшыларының үстінен күрделі жөндеуге арналған қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл еліміздің энергетикалық нысандарындағы жеке кәсіпкерлердің сәтсіз жұмысының тағы бір мысалы. Енді, Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстанда жеке меншіктегі жылу электр станцияларына энергетикалық қадағалау күшейтілмек.
«Үкімет деңгейінде бізге энергетикалық қадағалауды күшейту бойынша қолдау көрсетілді, яғни бұрын энергетикалық қадағалаудың нысанға кіруге құқығы да болған жоқ. Жоспарланған тексеруді үйлестіру үшін тиісті рұқсат алу керек болды. Қазір заңнамаға өзгертулер енгізіп жатырмыз, бұйрықпен барлық инспекторларға негізгі электр жабдықтарын ғана емес, күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты нысандарды тексеруді қамтамасыз етеміз», - деді Сәтқалиев.
Ол сондай-ақ, жұртшылық арасынан ынталы топ құрылғанын, қазір олар Риддер әкімдігі өкілдерімен бірге жергілікті жылу электр орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап отырғанын айтты.
Әр мердігерге жұмыстың қалай жүріп жатқанын, кестеден артта қалудың бар-жоғын қадағалап отыру үшін қалалық мәслихат депутаты бекітілді. Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, бұл тәжірибе республика бойынша қабылданып, іске асады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық