Жыланбаев депутаттық төсбелгісін сатылымға шығарды
Атақты қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатындағы депутат кезінде алған алтын төсбелгіні сатылымға шығарды.
Гиннесс кітабының жеті дүркін рекордсмені сату туралы хабарландыруды өзінің Facebook және Instagram парақшаларына жариялап, бастапқы бағасын 100 мың теңге екенін айтты. Спортшының айтуынша, ол 375-ші сынамадағы алтыны бар алты граммдық төсбелгісін 2003 жылы Екібастұз мәслихатының депутаты болып қайта сайланған кезде алған.
- Бұл төсбелгінің қандай ақшаға сатып алынғаны әлі күнге дейін құпия. Заң бойынша мәслихат депутаттарына алтын төсбелгі берілмейді. Бірақ сол кезде әкімдікте Екібастұздың барлық 17 депутатына алтын төсбелгі берілді. Біз оған ақы төлемедік. Қазір ол қажетсіз жатыр. Оған қоса бұл төсбелгімен байланысты жағымсыз естеліктер бар. Сондықтан да оны сатуға шығардым, - деді Жыланбаев.
Марат Жыланбаев әлемдегі ең ірі шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен жалғыз спортшы. Ол Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория, Невада сияқты шөлдерді еңсеріп, Гиннестің кітабына енген, әлем бойынша жеті рекорд орнатқан. Жыланбаев жер бетіндегі ең мықты және ең шыдамды адам деп танылды. 1995 жылы ол үлкен спортты тастап, қоғамдық қызметпен айналысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық