Жыл соңына дейін екі мыңнан астам ақмолалық тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі
Республика күніне орай Ақмола облысында 70 отбасы жаңа пәтер иесі атанды. Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданындағы жаңа үйлер әлеуметтік нысандарына жақын және қаланың ең жақсы аудандарының бірінде орналасқан. Жаңа механизм бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жөндеу жұмыстары жақсартылған пәтерлер сатып алынды.
«Өткен жылдан бастап пәтерлерді сатып алудың жаңа механизмі енгізілді, таңдауға қойылатын талаптар белгілі бір жайлылылығы мен қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етілді. Барлық іс-шаралар кешені 2 мыңға жуық отбасының жағдайын жақсартады, ең бастысы, баспана кезегін қысқартады. Бүгінгі шара – президенттің қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған саясатының нақты жүзеге асқаны», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Болашақта үйлер жекешелендіруге жататынын ескертеміз. Бұл механизм бүгін Ақмола облысында Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында алғаш рет іске қосылды.
Өңірде биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 900-ге жуық пәтер беру жоспарлануда, оның ішінде 600-ге жуығы облыс орталығында.
Айтпақшы, облыста барлық бағдарламалар бойынша 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ. Оның ішінде 2024 жылы Көкшетауда 600 отбасы және облыстың басқа аудандарынан 1500-ге жуық отбасы болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық