Жыл ішінде бюджетке 4,1 трлн теңге салық пен кедендік төлемдер түсті
Фото: gov.kz
Түсімдердің өсу қарқыны 2021 жылмен салыстырғанда 78 пайызға, 2022 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті.
2023 жылы Қазақстан бюджетіне қанша кедендік төлемдер мен салықтар түсті? Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 2023 жылдың соңында мемлекет қазынасына 4 081 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскенін айтты. Кірістердің өсу қарқыны 2021 жылмен салыстырғанда 78%-ға (2 296,4 млрд. теңге), 2022 жылмен салыстырғанда 18%-ға (3 452,8 млрд. теңге) өсті.
«2023 жылға арналған экспорттық кедендік баждарды қоспағанда, кедендік төлемдер мен салықтардан 2 401 млрд теңге түсті», - деді Елдос Саудабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның мәліметінше, 2023 жылы үшінші елдермен сыртқы сауда айналымы $111,3 млрд болды: экспорт $67,6 млрд, импорт $43,7 млрд құрады.
«2023 жылы Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы $31,5 млрд болды, оның ішінде экспорт — $14,7 млрд, импорт — $16,8 млрд», - деді ол.
Кедендік бақылау департаментінің директоры Қазақстанда бір кеден бекетін салу қанша тұратынын да айтып берді.
«Бір постың құрылысы орташа есеппен 15 млрд теңге болады. Бұл модернизацияланған, сегіз жолақты заманауи кеден бекеті. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтаудың болжамды кестесі таратылды. Қазір «Алакөл» кеден бекеті пайдалануға берілсе, «Қазығұрт» пен «Атамекен» кеден бекеттері шамамен 70-80 пайызға дайын», - деп түсіндірді Елдос Саудабаев.
Ол Қытайдың Эксимбанкінің жеңілдетілген мемлекеттік несиесі арқасында Қытай, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толық көлемде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Өзбек тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (РУ) автобақылау бекеттері қайта жөндеуге толығымен жабылды. ЕАЭО-ның үшінші елдермен кедендік шекарадағы барлық өткізу пункттерін қайта құруды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
«Жоба аясында өткізу уақытын 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайта отырып, өткізу қабілеті тәулігіне 1000-нан 8400 көлікке дейін 8 есеге ұлғайтылады. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін бекеттердің инфрақұрылымдық мәселелері шешілетін болады», - деп түйіндеді спикер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық