Жыл басынан бері 1,5 млн га ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік қорға қайтарылды
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жаңа форматтағы Жер комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Орда .kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы Жерді алу жөніндегі комиссияның атауы мен жұмыс форматы Ауыл тұрғындарының мұқтажы үшін жерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссия болып өзгертілді.
Жаңа форматтағы комиссияның негізгі мақсаты – пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару процесін жеңілдету, бұл ретте адал жер пайдаланушылардың мүдделерін сақтау маңызды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өңдеушілерінің құқықтарын ұзарту, салық төлеуді қамтамасыз ету, инвестиция тарту және өңірлерде ауыл шаруашылығы аймақтарын дамыту мәселелерімен айналысатын Арнайы комиссияның іс-әрекетінің алгоритмін әзірледі
Арнайы комиссия екі тізім жасайды: адал және жосықсыз жер пайдаланушылар. Жерді мақсатына сай пайдалану, салық төлеу, инвестиция тарту, өңірде тұрақты тұру және оны дамытуға қосқан үлесі сияқты өлшемдер бойынша анықталады.
Серік Жұманғарин барлық нюанстарды ескеру үшін Әділет және Қаржы министрліктері мамандарының қатысуымен ұсынылған алгоритмді пысықтауды тапсырды.
Комиссия отырысында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы шекаралық елді мекен тұрғындарына жер телімдерін беру мүмкіндігі талқыланды.
Бұл мәселені Үкіметте өткен жиында депутат Ерлан Сайыров көтерген болатын. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аймақтарындағы тұрғындары экспортқа жоңышқа өсіруге дайын. Жер кодексіне сәйкес шекаралық белдеулерде мал жаюға және шөп шабуға рұқсат етілген, бірақ жерді жеке меншікке және уақытша пайдалануға беруге рұқсат етілмейді.
Серік Жұманғарин барлық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, шекаралас облыстардың, соның ішінде Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына жер учаскелеріне құқық беру мүмкіндігін толық талдауды тапсырды.
Алдын ала берілген тапсырмаларға сәйкес, биыл 254 мың гектар аумақта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталып, жыл басынан бері жоспарланған 2 миллион гектардың 1,5 миллион гектары қайтарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық