Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды
Сурет: egov.k
Қазақстанға қоныс аударып келгендердің жартысынан көбі Өзбекстаннан.
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға барлығы 1 миллион 99,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (69,6%) Өзбекстаннан, 10,5% Қытайдан, 7,1% Түркіменстаннан, 4,6% Моңғолиядан және 8,3% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%), Жамбыл (6,8%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 59,5 пайызды құраса, халықтың 27,1 пайызы еңбекке жарамды жастан кіші және 13,4 пайызы зейнеткерлер.
Еңбекке жарамды жастағы қандастардан білім деңгейі бойынша 12,3% жоғары, 38,9% орта арнаулы, 47% жалпы орта білімді, 1,7% білімі жоқ.
Қазақстан аумағына халықты тиімді көшіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қабылдау, қоныстандыру бойынша өзара іс-қимылының кезең-кезеңімен алгоритмін әзірледі. Сонымен қатар визалық режимі бар елдерден республикаға келген азаматтарды бейімдеді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, осы алгоритм бойынша Түркіменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты аймақты көрсететін тиісті виза берілді.
Бүгінгі күні Түркіменстаннан 666 этникалық қазақ жоғарыда аталған визалар негізінде мемлекеттік шекараны кесіп өтті. Оның ішінде 59 адам Павлодар облысына келді, 162 адам басқа жұмыс күші тапшы өңірлерге көшуге келісімін берді, 45 адам Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне қоныстануға өтініш берді. Қалған этникалық қазақтарды жұмыс күші тапшы аймақтарға орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, кандастар мен мигранттарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген кезде этникалық қазақтар субсидия түріндегі мемлекеттік қолдаудың келесі шараларын алуға құқылы:
- отбасының әрбір мүшесіне көшкені үшін 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге);
- 1 жыл бойы ай сайын төленетін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық төлемдерді төлеу шығындарын жабу үшін төлем. Қалаға көшіп келгендер үшін төлем мөлшері бір адамға 20 АЕК-тен (61,3 мың теңге) отбасында бес және одан да көп адам болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылға көшіп келгендер үшін бес және одан да көп отбасы мүшелері бар бір адамға 15 АЕК-ден (45,9 мың теңге) 21 АЕК-ке (64,3 мың теңге) дейін.
Жаңалықтар
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?