Журналист Михаил Козачков ұсталды
Белгілі журналист Михаил Козачков ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.
– Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланды. Өз кезегінде, Козачков құқық қорғау органдарында көп жылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовты ірі көлемдегі сыйақыға ҰҚТ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартты. Соңғысы өзінің бұрынғы байланыстары арқылы ҰҚТ қажеттіліктері үшін, сонымен қатар кейін жариялауға арналған айыптайтын ақпараттарды жинады. Сонымен қатар, Жансейітов Козачковқа Телеграмм-каналын модерациялауға көмектесті, атап айтқанда, журналистің жарияланымдарының астына ҰҚТ басқа мүшелерімен бірігіп, комментарийлер орналастыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырды. Постарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған. Тергеу барысында Жансейтов пен Козачковтың өз қызметтір үшін ҰҚТ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденді. Кәсіпкер Әбдіғаппаровтың шешесі Жүнісбековаға тиесілі «Есентай сити» жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады.
Бұл ретте журналист «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң талаптарын өрескел бұзды, өйткені кейбір жағдайларда ол көрінеу жалған мәліметтерді, сондай-ақ банктік, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпияға қатысты деректерді таратты. Ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіпкер Абдуллаев Қоспаевтың ҰҚТ мүшесі – Шалин Руслан тарапынан шыны ыдыстар шығаратын зауытты рейдерлік басып алу фактісі туралы жұртшылыққа жүгінді, олар заңды меншік иесін басқарудан шеттетуге тырысты. Жолға қойылған схема бойынша, ҰҚТ мүддесі үшін әрекет ете отырып, Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады. Бұл ретте Алматы облысы тұрғындарының алкоголь өнімінен улануы және жәбірленушінің қасақана кісі өлтіруге қатысы бар екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтер таратылды. 2022 жылдың шілде айының басында Қоспаевтың ҰҚТ мүшелері қаржылық мониторинг органдары олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша жедел іс-шаралар мен тергеу жүргізіп жатқанын құқық қорғау органдарындағы дереккөздері арқылы білген. Жасалған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, ҰҚТ мүшелері Танашев, Шалин, Қоспаев Айдос Козачков пен Жансейітовтың қатысуымен Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен тергеу органының беделін түсіру және оның жұмысына кедергі жасау жоспарын іске асырды. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында Жансейітов ҰҚТ белсенді мүшесі - Айдос Қоспаевқа бақылауды жүргізген жедел қызметкерлер көлігінің жолын бұғаттады.
Алдын ала дайындалған сценарий бойынша адвокаттар мен Козачков оқиға орнына келді, олар қорғаушыларды жасырын бақылауды әшкерелегені туралы жалған мәліметтерді көпшілікке тарата бастады. Биллинг пен бақылау камераларын қолдану арқылы жедел көліктің сол күні немесе алдыңғы бірнеше күнде адвокаттардың жүру бағыты бойынша мүлдем қиылыспағаны сенімді түрде анықталды. Козачков нақты деректердің бұрмалануымен байланысты жағдайды ҰҚТ мүддесі үшін қамтып қана қоймай, олардың іс-әрекеттерін сол жерде үйлестірді және Қоспаев Айдосқа бақылаудан жасырынуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде соңғысына іздеу жарияланды. Бұрын хабарланғандай, өзінің жазасыздығын сезінген Жансейітов, заңды ашық түрде таптап, бұзақылық әрекеттер жасап, құқық қорғау органының қызметкерінің денесін қасақана жарақаттаған, – деп жазылған ресми хабарламада.
Айта кетейік, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, Қоспаевтың ҰҚТ мүшелерінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық