Журналист Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды
Бұл туралы Козачковтың қорғаушысы Жеміс Тұрмағамбетова мәлімдеді.
Онымен тағы бір танымал қазақстандық журналист Вадим Борейко сөйлесіп, бұл жаңалықты өзінің Telegram-арнасында жариялады.
«Мен жаңа ғана құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен сөйлестім. Ол журналист Михаил Козачковтың бұлтартпау шарасы өзгертілгенін айтты: Козачков СИ-18 тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды» деп жазды ол.
Еске салсақ, журналист Михаил Козачков 18 желтоқсан күні кешке Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Aнтикор Козачков «рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасады» деп мәлімдеді. Журналистің адвокаттары пәтерді тінту заң бұзушылықпен жүргізілгенін және оларды тінту жүргізіліп жатқан пәтерге кіргізбегенін айтқан болатын.
Жағдайды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры да назардан тыс қалдырған жоқ. Олар процессуалдық нормалардың сақталмауына алаңдайтындарын айтты, адвокат Анна Веретельникованың хабарлауынша, тінту адвокаттың қатысуынсыз өткен.
Олар сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігі таратқан баспасөз баяны кінәсіздік презумпциясын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабын бұзатынына назар аударды: «Адам оның кінәсін сот танығанға дейін және заңды күшіне енген үкім шыққанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп танылады».
20 желтоқсанда Алматының тергеу соты Козачковты 2 айға 18 ақпанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарып, кеше бұлтартпау шарасы үйқамаққа өзгертілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық