Жұрттың көзін байлап, несие алдырған ақтөбелік емші ұсталды
Фото: Pixabay.com
Ақтөбе қалалық соты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген халық емшісін қамауға алуға рұқсат берді. Әзірге полицияға 52 жәбірленуші әйелдің арбауына түсіп, несие алғанын айтып хабарласқан, деп мәлімдейді Orda.kz.
Емші несиені өзі төлейтініне жұртты сендірген, бірақ бұл ақша қызының емі мен мешіт құрылысына қажет болған-мыс. Кейбір шағымданушылар өзін көндіру үшін гипноз қолданған болуы мүмкін дейді. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 160 миллион теңге.
Шағымдардың көбеюіне байланысты күдікті одан әрі тергеу үшін екі айға қамауға алынды. Полицейлер оның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Әйтеке би көшесі, 21 мекенжайы бойынша №3 қалалық полиция бөліміне хабарласуға шақырады.
Қылмыстық тергеу жалғасуда. Жәбірленушілер келіншектен келтірілген шығынды өтеуді және өздеріне берілген несиелерді қайтаруды талап етеді.
Жәбірленушілер арасында негізінен күдіктіге емделуге келген әйелдер бар екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Тергеу барысында емшінің түрлі сылтаулармен клиенттерді несие алуға көндіргені анықталды. Алынған қаражат бір миллионнан 18 миллион теңгеге дейін болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық