Жұртшылық алдында Құран өртеуге рұқсат берілді
Даниялық экстремист 21 қаңтар күні Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында мұсылмандарға арналған қасиетті кітапты қорламақ.
Швецияда полиция даниялық әсіре оңшыл Страм Курс қозғалысының жетекшісі Расмус Палуданға Құран кітабын көпшілік алдында өртеуге тағы рұқсат берді. Anadolu хабарлағандай, қасиетті кітапты қорлау 21 қаңтарда Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында өтеді.
Швецияның SVT мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, швед журналисі Чанг Фрик Палуданға Стокгольмде Құранды өртеу туралы ұсыныс жасаған. Фрик радикалдың барлық шығындарды өтейтініне және оқиға орнынан хабарлауға кепілдік берді. Сонымен қатар, ел полициясы бұл әрекеттен еш өрескелдік көріп отырған жоқ, ал Сыртқы істер министрлігі мұны «демократия және кең сөз бостандығы» деп атайды.
– Сыртқы істер министрі ретінде маған араласып, адамның демонстрацияға шығуына тыйым салуды талап ету өте орынсыз болар еді. Елде мұндай шерулердің өтуі Швецияның демократиясының бір бөлігі болып табылады, – деді Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем Bilström газетіне берген сұхбатында.
Палуданның өзі бұған дейін мұсылмандар тұратын аймақтарда Құранды өртеп, сол арқылы олардың наразылығын тудырғанымен танымал. Бұл жолы оның өртеу туралы шешімін Стокгольм қалалық әкімшілігінің алдында Түркия президенті бейнеленген қуыршақты төңкеріп іліп қойған күрдтердің әрекетіне Анкараның наразылығымен байланысты.
– Мен Швецияда түріктерді де, күрдтерді де көргім келмейді, – деді шведтік экстремистік саясаткер.
Ал, Түркия Сыртқы істер министрлігі Швеция елшісін шақыртып үлгерді. Оған Анкараның мұндай арандатушылық әрекетті үзілді-кесілді айыптайтыны және оны жек көрушілік қылмыс деп санайтыны айтылды. Ведомство Швецияның мұндай көзқарасын қабылдауға болмайтынын атап өтті. Түркия террорісттік ұйымдар мен олардың жақтастарының үгіт-насихат әрекеттеріне рұқсат беру Мадридте Түркия, Швеция және Финляндия арасында қол қойылған үштік меморандумға қайшы келеді деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық