Жұрт жаппай теңгесін өткізіп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Қолма-қол валюта сатылымы соңғы айларда сарапшылар «тарихи» деп атаған деңгейге дейін өсіп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, қазанда айырбастау пункттері қазақстандықтарға қолма-қол долларды сатып алғаннан гөрі көбірек сатқан. Біздің валютаға шаққанда айырмашылық 232,8 млрд теңге болды.
Номиналды көрсеткіш бір айда 2,2 есе, бір жылда 36,9%-ға өсті. Ауқым тұрғысынан бұл — 2023 жылдың соңынан бергі ең жоғарғы деңгей деп есептейді Бірінші кредиттік бюро.
«Соңғы ай қорытындысы бойынша, 1 қазаннан 1 қарашаға дейін америкалық валюта ұлттық валютаға шаққанда 3,4%-ға арзандап, 530,47 теңгеге дейін төмендеді. Айта кету керек, теңгенің нығаюы қазанның басында басталды, орта шенінде немесе соңында емес. Бұл үрдіс ай бойы сақталды», — деп түсіндірді бюро өкілдері.
Әдеттегідей, негізгі үлесті мегаполис қалалар енгізді — Алматы, Астана және Шымкент жалпы операциялардың 67%-ын құрады. Әсіресе Алматы ерекшеленді: мұнда доллардың нетто-сатылымы бір айда 4,1 есе, бір жылда 2,4 есе өсіп, 92,4 млрд теңгеге жетті.
Маңыздысы — Ұлттық банктің статистикасы теңгемен көрсетілген, яғни валюта бағамының өзгерісін ескермейді. Алайда қазан айының орташа бағамымен қайта есептегеннің өзінде, соңғы 11 ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
Басқа валюталардың жағдайы қалай?
Евро: нетто-сатылым бір айда 73,1%-ға өсті, бірақ бір жылда 22,7%-ға қысқарып, 13,9 млрд теңге болды.
Рубльге сұраныс әлі жоқ — керісінше, қазақстандықтар рубльді кері өткізуді жалғастырып жатыр.
Қазанда рубль бойынша нетто-сатылым одан әрі төмендеп, –32,1 млрд теңге болды (қыркүйекте –16,7 млрд). Бір жыл бұрын, 2024 жылғы қазанда жағдай керісінше еді — көрсеткіш оң аймаққа шығып, 8,8 млрд теңге болған.
Айтпақшы, келесі жылы доллар бағамы 600-610 теңгеге жетуі мүмкін – бұл туралы Halyk Finance сарапшылары өзінің соңғы талдамалық шолуында ескертті.
Шілде айында теңге ресми есеп бойынша долларға қатысты 4 пайызға арзандады. Ұлттық банк «отқа су сепкендей» 125 миллион доллар көлемінде валюта интервенциясын жасады. Бірақ бұның көмегі бар ма? Ол туралы мына материалдан қараңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық