Журналисті таяқтың астына алған экс-депутат Бекболат Тілеухан сотқа келмеді
Коллаж Orda.kz
Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Айнұр Қоскинаға қатысты іс бойынша сотқа келмеді.
«Менің экс-мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты арызым бойынша сот отырысы 19 қаңтарға шегерілді. Оған себеп – Тілеуханның өзінің ішкі істер бөліміне келмеуі. Оның адвокаты алдымен емделіп жатқанын айтты, кейін ол қала сыртында екенін түсіндірді. Хаттама жасаған инспектор науқастанып, басқа қалаға кеткен. Отырыс кейінге шегерілді, өйткені жазаның бірі әкімшілік қамауға алу болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде жауапқа тартылатын адамның қатысуы міндетті» деді журналист Facebook парақшасында.
Еске салсақ, Тілеухан Қоскинаның көп әйел алуға деген көзқарасы туралы сұрағына агрессивті түрде жауап берген болатын. Журналистің айтуынша, экс-депутат оның қолындағы ұялы телефонын тартып алмақ болып, штативін сындырып, лифт ішінде басынан ұрған. Осыдан кейін Қоскина полицияға журналистің қызметіне кедергі жасау фактісі бойынша шағым түсірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық