Журналисті далаға шығарып тастаған күзетшінің әрекетіне әкімнің өзі жауап берді
24 тамыз күні әкімнен сұхбат алуға келісіп, Алатау әкімдігіне кірген «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірбергенді далаға шығарып тастаған күзетшінің әрекетіне бүгін әкімнің өзі жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz Хабар 24 - ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков «Мемлекеттік қызметкерлер де, ғимаратқа жауапты адамдар да тиісті жазасын алуға тиіс деп ойлаймын» дейді. Ал өзі «кеше алдын ала келісім бойынша сағат 17:30-да сұхбат беруі керек екенін білмей қалдым» деп ақталды.
«Хабар 24» арнасындағы «Әкім» бағдарламасының түсірілім тобы өңірлерге алдын ала хабар берместен барады. Сөйтіп, аудан, қала немесе елдімекендегі шынайы жағдайды көзбен көреді. Жұрттың жергілікті билікке деген сұрақ-шағымын жазып алып, соңында әкімнен жауап алады. Бағдарламаның ерекшелігі де осы. 24 тамыз күні арна тілшісі мен таспагер кезекті түсіріліммен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігіне барған. Аппарат басшысы әкімнің іште жоқ екенін алға тартып, журналистке сұхбат жазу үшін кешке келсін дейді.
– Өзім тікелей хабарласып, әкіммен сөйлесе алмадым. Сондықтан аппарат басшысы арқылы хабарластым. Сағат 17:30-да келіңіз, сізге әкім сұхбат береді деді, - дейді журналист Ақбөпе Тәңірберген.
Дәлел міне, «Барлық сұрақтарыңызды айттым» дейді аппарат басшысы. Осы бір ауыз сөзге сүйеніп, түсірілім тобы кешке қарай әкімдікке қайта оралады.
– Сағат 17:30-да әкімдікке қайта оралған кезде әкім жоқ екен, бізге аппарат басшысы шығып, «Әкім сұхбат бере алмайды, өкінішке қарай, әкімдікте емес» деп жауап айтты. «Халықтың сұрағы бар, онда орынбасарлардың бірі берсінші» дедім. Аппарат басшысы ішке кіріп кетті де сол күйі шықпай қойды. Мен әкімдікке турникеттің астынан өтіп кіріп кетуге, былайша айтқанда, мәжбүр болдым. Ал әу баста әкімдік қызметкерлері мені әкімдікке кіргізуді ойлаған да жоқ. Сондықтан «Ашық» қосымшасын көрсетіңіз деп ешкім айтқан жоқ, - дейді журналист Ақбөпе Тәңірберген.
Ал әкімнің бүгін берген жауабы мынадай: «Кеше өзім жұмыспен құрылыс алаңына кеткенмін. Кешкі бес жарымда сұхбат беру керек екенін білмедім». Алайда білдей аппарат басшысының неліктен «17:30-да әкім сұхбат береді» дегені белгісіз.
– Елдің көзінше де, бұқаралық ақпарат құралдарының көзінше де айттым... Сізге де айттым, Ақбөпе ханым. Осындай оқиға болғаны өкінішті, мен сізден әкім ретінде, аудан әкімінің басшысы ретінде кешірім сұраймын деп айттым, - деді Азамат Қалдыбеков.
Ал күзетішінің әрекетін аудан әкімі ақтамайтынын айтты. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
– Мен оны ақтамаймын. Күзетшінің мұндай әрекетін ақтамаймын. Бірақ бұл жерде тек күзетші емес, мемлекеттік қызметкер де, ғимаратқа жауапты адамдар да тиісті жазасын алуы тиіс деп ойлаймын. Дегенмен, мұның бәрі комиссияның қорытындысы аясында берілсін. Қызметтік тексеру жүріп жатыр ғой. Оның қорытындысын асыра сілтеп, айтқым келіп тұрған жоқ. Осыған жауапты адамдар өзінің тиісті жазасын алады деп ойлаймын, - деді Алатау ауданының әкімі.
Бүгінде жұрт пікірі екіге жарылған. Бірі журналисті жақтап жатса, енді бірі әкімдікті ақтап жатыр. Ал заңгер бұл жағдайға өз бағасын берді.
– Мемлекеттік органның Қылмыстық кодекстің талаптарын бұзғанын әрі журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасағанын көруге болады. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік бар, - деді заңгер Төлеген Болтанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық