«Журналистерді тұсаған жаңа ереже»: Тілшілерден ашық қашатын билік өкілдері
Коллаж Orda.kz
Қазақстандық журналистер тамыз айының ортасында енгізілген аккредитацияның жаңа ережелерінен кейін өз кәсіби қызметтерінде жаңа шектеулерге тап болды, деп хабарлады Orda.kz.
Бұл туралы Жәния Ұранқаева әлеуметтік желілерде жазба жазып, сұрақтан жалтарғандардың бейнежазбасын жариялады.
Оның айтуынша, журналистердің НҚА порталында пікір қалдырып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жүгінгеніне қарамастан, олардың ұсыныстары ескерілмеген. Жаңа шаралар БАҚ өкілдерінің үкімет ғимараттарында еркін қозғалуына қатаң шектеу қояды. Енді журналистерге министрлер орналасқан үшінші қабатқа көтерілуге тыйым салынып, олардың жұмыс аймағы тек екінші қабатпен шектелген.
Ұранқаева журналистерге бұл тыйымдарды растайтын ешқандай ресми құжат көрсетілмегенін атап өтті.
Бұдан бөлек, 2 қыркүйекте басталған жаңа саяси маусым БАҚ жұмысына қосымша қиындықтар туғызды. Енді мәжілістің пленарлық отырыстары екінші қабаттағы залда өтеді, бұл журналистерге қосымша кедергілер тудырады. Бұрын залдан шығу журналистер орналасқан дәліз арқылы жүрсе, қазір бұл мүмкіндік шектеліп, кіре берісте күзетшілер кезекшілік етеді. Бұл журналистердің депутаттармен және спикерлермен байланыс орнатуына едәуір қиындық туғызады.
Ұранқаева сондай-ақ операторлар мен фотографтарға залға аз мерзімге болса да кіруге тыйым салынғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл биліктің депутаттардың ұйықтап қалуы немесе телефондарымен алданған сәттерін түсіруден қорқатынымен байланысты.
«Біз өзіміз шектеуге ұшырасақ, әділетсіздікке тап болған адамдарға қалай көмектесеміз?» — деп сұрақ қояды Жәния Уранқаева.
Ол журналистерге қысымды тоқтатуға және оларға өз жұмыстарын орындауға мүмкіндік беруге шақырып, баспасөз бостандығын шектеу әрекеттері болашақта жақсылыққа әкелмейтінін атап өтті.
Қорытындылай келе, ол өз сөзінде адал қызмет атқаратын шенеуніктердің журналистерден қашпауы керегін, ал баспасөзге тосқауыл қоюдың еш қажеті жоқ екенін айтты.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісіне мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің құқықтарын шектейтін жаңа аккредитация ережелерінің себептерін түсіндірген болатын.
Жаңалықтар
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
- Каспий таязданды, итбалықтар қырылды. Себебі неде?
- Алматы хантавирус жұқтырудың ықтимал жағдайларына дайын — СЭБД
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен адам ауруханада қайтыс болды
- Елдегі экономикалық қылмыс жасағандар «масқара тақтасына» ілінеді
- Құлауға шақ қалған мұнара: Самарқандтағы Ұлықбек медресесін қазақтар бұзған ба?
- НАТО-ның экс-бас хатшысы АҚШ-сыз жаңа демократиялық одақ құруға шақырды
- Шамалғандағы мектепте жасөспірім мұғалімді ұрып тастады
- Шымкентте колонияда жатып бюджеттен 1,3 миллиард қаражат жымқырған әйел әшкере болды
- 2027 жылы Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
- Ким Чен Ын өзі қайтыс болған жағдайда ядролық соққы жасауды заңдастырды
- Көкшетауда көлікпен әйелді жаншып өткен оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
- Алматыда бір тәулік ішінде рекордтық жауын жауды
- Тоқаев: Ядролық қарусыздану мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауда күш біріктіру маңызды
- ҚР СІМ: Түркияда қазақ тапқан велосипедші Қырғызстан азаматы
- Нетаньяху Ормуз бұғазы жағдайын дұрыс бағаламағандарын мойындады
- Францияда хантавирус індетін жұқтырған алғашқы жағдай белгілі болды