Журналист Жәмила Маричеваның адвокаты тағылған айыпты алып тастауды талап етті
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда журналист Жәмила Маричеваның соты онлайн режимде басталды. ProTenge жобасының авторына «Жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Іс әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында қаралды. Маричева ProTenge телеграм-каналында жарияланған ақпараттың дұрыс екенін, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайтынын айтып, жасалған хаттамамен келіспейді. Сондай-ақ ол бұл посттың полицияның назарын не үшін аударғанына таң қалды. Айыптаушы тарап журналистке қарсы ProTenge қаңтардағы Азаттық радиосына қолдау білдірген жазбасына байланысты талап қойып отыр.
Маричева 24 сәуірде кешкі уақытта жүгіріп жүрген кезінде ұсталды. Полиция бөлімшесіне жеткізіліп, хаттама жасалып, босатылды. Сот отырысында Жәмила полицияның сол күні оның қайда жүргенін қалай блігеніне қатты наразы болды. Оған бұл туралы алдын ала хабарланбаған және онымен жедел хабар алмасу немесе қоңырау арқылы байланысуға әрекет жасалмаған. Ол полиция оны қадағалап отыру үшін арнайы технологияны қолданды деп болжайды, өйткені оның кешке жүгіру жоспары туралы ешкім білмеген. Бірақ бұның не үшін қажет екені белгісіз.
Адвокаты Әсел Тоқаева оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығын алға тартып, сотты журналистке қатысты процесті тоқтатуға шақырды.
Сондай-ақ адвокат қамауға алу және хаттама жасау кезінде конституциялық құқықтарын өрескел бұзғаны үшін Бостандық ауданының ІІБ қызметкерлеріне қатысты сот шешімін шығаруды талап етті.
Олар бұған дейін жалған ақпарат таратқаны үшін журналист Асхат Ниязовты сотқа бермек болған. Оның айтуынша, ол «Азаттық» радиосындағы әріптестерін қолдап ProTenge басылымын қайта жариялаған, сол үшін оның үстінен жала жабу бойынша әкімшілік іс қозғалған. Қылмыстың айғағы болмағандықтан іс тоқтатылды.
Жаңалықтар
- Зеленский: Ресей жаңа «шабуылдың бес сценарийін» дайындап жатыр
- Екі ел арасындағы әріптестікке 30 жыл: Путин мен Си Цзиньпин Қытайда не шешті?
- Қазақстан соты «Газпромнан» «Нафтогаз» пайдасына 1,4 млрд долларды мәжбүрлі түрде өндіруге рұқсат берді
- Бетіне доп тиіп, жарақат алған ақтөбелік жанкүйер Наниден жейде мен екі абонемент алды
- Бестөбе кенішіндегі шахтадан алтын іздеген тағы екі адам қаза болды
- Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
- Шымкенттік түлек шетелдің 90 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды
- Алматыда BRT құрылысы тоқтатыла тұрып, LRT жобасы жүзеге асырылады
- Асхат Аймағамбетов түлектер кеші «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналғанын айтты
- Әуетакси Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10–12 минутта жетеді
- Тәуелсіздік сарайында Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- Қазақстан тумасы Дубайдағы криптобизнесмен мен оның жұбайын өлтіру ісіне күдікті
- Маңғыстауда бұрғылау жұмыстарына қатысты 474 млн теңге айыппұл салынды
- Парламент алты Конституциялық заңды қабылдады
- Парламент Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады
- АҚШ Сенаты Қазақстанда туған Әсел Робертсті Словенияға елші етіп бекітті
- Mango негізін қалаушысының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
- Парламент президент туралы заңды екінші оқылымда бекітті
- Түркиядан Жәнібек хан туралы 1350 жылы жазылған қолжазба жеткізілді
- Атырауда полиция қызметкері адамдарды балағаттаған: ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр