Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
Фото: журналистің әлеуметтік парақшасынан
Заңсыз түрмеге сүйрелеп, қамауға алу кезінде жалаңаш бейнетүсірілім жасағаны үшін ҚР Қаржы министрлігінен журналист Сандуғаш Дүйсеноваға 100 мың теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Orda.kz тілшісі 2023 жылдың 11 тамызында кешке қарай уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылық және Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша айып тағылды.
2022 жылдың мамыр айында журналист ауылдасын суық қандылықпен атып, екі жасар баласын жаралап, кейін қылмыс орнынан қашып кеткен қылмыскерді іздестіру туралы хабарлама жариялаған. Жазбада кездейсоқ қылмыскердің жеке мәліметтеріне жататын - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі жарияланып кетеді.
Осы жазбаның арқасында қылмыскер табылып, 16 жылға сотталады. Ол түрмеде жатқан бір жарым жылдан кейін ғана өзінің жеке деректерін құпия мәліметтерге жататыны есіне «түсіп», жеке өміріне қол сұғылмаушылық бұзылғаны туралы арыз береді.
Осы оқиғаға байланысты жауап алу кезінде Сандуғаш Дүйсенова құзырлы органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге ұшырады. Олар Сандуғашты түгелдей шешіндіріп, анадан туғандай жалаңаш күйінде бейнежазба түсірді. Артынша Талдықорған қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері өз әрекеттерін іздестіру шараларын жүргізу қажеттілігімен түсіндірді.
Журналист осы өрескел қорлықтары үшін жергілікті мемлекеттік органдарды сотқа беріп, жүз мың теңге морольдық шығын өтетіп алды. Әрине, журналист үшін ақша маңызды емес екені белгілі. Дегенмен ол осы ісімен құзырлы органдардағы шенеуніктер мен полиция қызметкерлерін осындай кереғар әрекеттері үшін заң шеңберінде «орнына қоюға» болатынын дәлелдеді.
Сандуғаш сот арқылы жеңіп алған 100 мың теңгеге қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырды.

Естеріңізге сала кетсек, Сандуғаш бүкіл әлемді шарлаған «Дәуірдің соңы» фотосуретінің авторы ретінде танымал. Бұл суретте 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алаңда құлап жатқан ескерткіші бейнеленген. Бұл сурет үшін Дүйсенова MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Жаңалықтар
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды