Журналист Мұхтар Түменбай көз жұмды
Фото: Facebook/ Серікқали Мұқаш
Бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда жұмыс істеген жрналист, жазушы Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы журналист Серікқали Мұқаш Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Асылдың сынығы еді…
Тұлпардың тұяғы еді…
Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық… Жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…» деп жазды ол.
Мұхтар Түменбай 1970 жылдың 11 тамызында дүниеге келген. Ол жазушы Жақсылық Түменбаевтың ұлы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Мұхтар Түменбай «Qazaqstan» телеарнасында «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болды. Сонымен қатар, соғыс қаһармандарына арналған «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі» деректі фильмдерінің авторы.
Айта кетейік, мамырда журналист Диас Ахметшәріп өмірден озды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық