Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денесін тілгені жалған болып шықты
Фото: Видеодан алынған кадр
Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің түрмеде өз денесін тіліп, наразылық танытқаны жалған боп шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, белгілі журналист, 7 жылға бас бостандығынан айырылған Думан Мұхаммедкәрім түрмеде денесін тіліп, аштық жариялағанын хабарлаған едік. Журналист Думан Мұхаммедкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторынан Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырмағанына наразылық танытып, денесін тіліп, аштық жариялады деп Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.
Бірақ қылмыстық атқару жүйесі комитеті Ulysmedia.kz тілшісіне бұл ақпаратты жоққа шығарған. Департамент өкілі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасын ұсынды.Хабарламада «өз-өзіне зиян келтіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» деп келтірілген.
«Сотталған адамды медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінде ешқандай жарақат анықталған жоқ. Камерада тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз», делінген хабарламада.
Бірақ Думан Мұхамедкәрімнің тамақтан бас тартқаны расталды. Ол тек шай мен су ғана ішуді жалғастырып жатыр екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық