Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы бір мәрте аштық жариялады
Коллаж Orda.kz
Талдықорғандағы тергеу изоляторында жатқан журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялады.
Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.
Кеше 11 тамызда, кешкі сағат 18:00-де ол аштықты бастады. Оған қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді. Думан өзіне телефон беруін немесе Алматыға аударуын талап етеді», — деп хабарлады оппозионердің адвокаты Ғалым Нұрпейісов.
Думан Мұхамедкәрімді енді Семейге немесе Павлодарға аударуы мүмкін.
«Үкім күшіне енген соң, оны бірден басқа жерге аударуға тырысады. Дүйсенбі күні аппеляциялық шағым түсіруді бастаймыз. Аппеляциялық шағымды барлық адвокат жазады деп келістік, себебі бізге сан маңызды болып тұр», — деді Нұрпейісов.
Парламенттік сайлау нәтижесімен келіспеуіне қатысты митингіге шыққан ол 25 күнін абақтыда өткізген еді. 1 мамырда Думан Мұхаммедкәрім қайта ұсталды. Кейін оны «экстремизмді насихаттады» деген айыппен 2 айға түрмеге қамады. Ал 15 шілдеде абақтыдағы журналистің хал-жағдайы нашарлағанын жаздық.
12 ақпан күні Мұхаммедкәрімге қатысты сот істері басталды. 12 ақпанда Қонаев қаласында өткен алғашқы сот кезінде Думан Мұхаммедкәрім полиция қысым жасағанын мәлімдеп, азаптауларға шағымданғанын жаздық. 5 наурызда Думан Мұхаммедкәрімге жасалған қысым іс жүзінде болғаны анықталды.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі Қонаев қалалық сотының шешімін біліп қайтқан болатын. Думан Мұхаммедкәрім былтыр осы айыппен ұсталды. 20 рет сот отырысы өтіп, 2 тамыз күні үкім оқылды. Бүгін ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды