Журналист Айгүл Өтепова психдиспансерден шықты
11 желтоқсанда журналист Айгүл Өтепова Нұр-Сұлтандағы психиатрия орталығынан шықты. Бұл ақпаратты Өтепованың адвокатына сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады.
Қыркүйек айында Айгүл Өтепованың үстінен 405-бап бойынша ("Тыйым салынған ұйымның жұмысына араласу") қылмыстық іс қозғалып, үйқамаққа алынған еді. Журналистке "Facebook желісінде билікті сынаған жазбалары үшін" айып тағылып отыр. Блогер Facebook желісінде соңғы жазбаларының бірінде биліктің індетпен күрес шараларын сынап, карантинде отырған жарты жыл ішіндегі "өзгерістер" туралы айтқан еді.
Өтепованың үстінен қозғалған қылмыстық іс аясында тергеушілер өтінішімен оның "ақыл-есін тексеру мақсатында" медициналық сараптама тағайындалып, журналист қараша соңында психдиспансерге жіберілген еді. Жақтастары мен құқық қорғаушылар істің саяси астары барын айтады.
50 жастағы Айгүл Өтепова newtimes.kz басылымында журналист болып еңбек еткен. Ол өзін 2015 жылы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынып, кейін бас тартқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық