«Жұмыстан қуады деп үміттенемін»: Димаш автобус бағасын 500 теңгеге өсіруді айтқан сарапшыны сөкті
Коллжа: Orda.kz / Instagram Димаш Құдайбергенов, Facebook Олжас Байділдинов
Димаш Құдайберген қоғамдық көліктің жолақысын 500 теңгеге қымбаттату туралы ұсыныс жасаған Олжас Байділдинов пен оның ана тілі жөніндегі пікіріне қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол әуелі қазақ халқының әлемдегі барлық тілді құрметтейтінін айтып, энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің өз тілінен ұялатынын, қазақ тілін білмейтінін сөкті.
«Біз, қазақ халқы, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің ризашылығы үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады. Олжас, сені арандатушылығың үшін жұмыстан қуады деп үміттенемін. Қазақ тілінде жазған жоқпын, өйткені сен қазақша білмейсің», — деді Димаш Құдайберген.
Еске сала кетсек, Олжас Байділдинов бұған дейін Алматы мен Астана қалаларында қоғамдық көліктің жолақысын 500 теңгеге дейін қымбаттату жайлы сөз қозғаған болатын. Бұл сөз әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың наразылығын тудырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық