Жұмыссыздық: Бүйрегін 9 млн теңгеге саудаламақ болды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған ер адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz
Ақтөбе қаласы №2 сотының мәліметінше, 2024 жылдың маусым айында тұрақты табыс көзі болмаған соң сотталушы telegram арнасына өзінің бір бүйрегін сататыны жайлы жазған. Ол бір бүйрегін 9 млн теңгеге бағалаған. Өткен жылдың қыркүйегінде хабарландыруға құқық қорғау органдарымен жұмыс істеген куәгер жауап берді. Олар бір бүйректі сатып алу-сату жөнінде келісімге келген. Керекті медициналық тексеруден кейін айыпталушы куәгерден 5 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталды.
«Сот үкімімен айыпталушы У. қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігі – 24-бабының 3-бөлігі, яғни «Адам органдарын және тіндерін алуға мәжбүрлеу немесе заңсыз алу» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабының ережелерін қолдана отырып, жаза шартты деп есептеліп, пробациялық бақылау тағайындалды», деп мәлімдеді Ақтөбе қаласының соты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық