«Жұмыс жоқ»: Депутат халықты мегаполистерге шоғырланбауға шақырды
Фото: freepik.com
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Алматы облысы, Алматы, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, басқа өңірлерден халықтың жаппай кетіп жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың мәліметінше, алғашқы жарты жылда еліміздің 16 өңірінде тұрғындардың азаюы байқалған. Бұл мәселе әсіресе Солтүстік Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында өзекті болып отыр. Депутат халықтың жаппай көшуі ондаған жылдар бойы жинақталған мәселелердің салдары дейді.
Әуесбаев мегаполистерде де адамдардың жұмыссыздыққа тап болатынын атап өтті. Соған қарамастан үлкен қалалардағы адам саны жыл сайын артып келеді. Ғалымдардың есептеуінше, Шымкент қаласының демографиялық сыйымдылығы 600 мың адамға жетеді. Ал Алматы — 1,2 миллион адамға арналса, Астанаға — миллион адам сияды екен.
Депутат аймақтардағы демографияны ынталандыру саясатын әзірлеуді, басым өнеркәсіптік бағытты анықтауды демографиялық саясат тұжырымдамасын жаңартуды ұсынды.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл