«Жұмыс іздеп барған»: Украинада Ресей жағында соғысқан өзбекстандық бес жылға сотталды
Фото: freepik.com
Өзбекстан азаматы Украинада соғысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өзбекстанның Ферғана облысындағы сот Ресей армиясының жалдамалы сарбазы болған 51 жастағы жергілікті тұрғынды соттады. Әлішер Халықов бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Әлішер Халықов Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жұмыс іздеп барған. Кейін Халықов өзіне ақы төлемеген жұмыс берушіні ұрып-соққаннан кейін оны полиция ұстаған. Қылмыстық қудалау қаупі төнген соң Халықов полиция учаскесінде Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойған.
Ресей армиясы екі ай жаттығудан кейін Өзбекстан азаматын соғысқа жіберген. 4 ақпанда ол Украина шекарасынан өткен. Әскери тізбекке дрон шабуыл жасағанда Халықов ауыр жараланып, Мәскеудегі госпитальге түскен. Кейін оған Ресей азаматтығы ұсынылған, бірақ ол одан бас тартып, еліне қайтқан.
Еліне оралған өзбекстандық 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді