Жүргізуші автобустың қол тежегішін қоюды ұмытып кеткен - Шымкенттегі жол апаты
«Shymkent Bus» компаниясы бүгін Шымкентте болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Бүгін Шымкентте автопарк пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы. Оқиғаның мән-жайын белгілі болды. Жүргізуші көлігін қол тежегішіне қоюды ұмытып кеткен болып шықты. Өкілдердің айтуынша, жүргізуші есікті жауып, бір сәтке шығып кеткен, ол қайтып келгенше автобус еңіспен төмен түсіп үлгерген. Бейнежазбаны қарағанда жүргізуші қол тежегішін жол-көлік оқиғасынан кейін іске қосқаны белгілі болды.
Көлік қызметкерлерінің айтуынша, автобуста техникалық жағынан ақау болмаған. Тиісті бөлім басшысы Мұхтар Қоқанбаев қайғылы оқиғаның себебі адам факторы екенін айтты. Енді көлік компанияларына талап күшейтілмек. Барлық автобус парктерінің басшыларына автобус жүргізушілерін қайта аттестациядан өткізу тапсырылды.
Компания апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді.
Бүгін осы апатта зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті. Қазір тағы бір зардап шегуші - 18 жастағы бойжеткен дәрігерлердің бақылауында.
Оқиға 8 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Шымкенттегі Бәйтереков көшесінде болған. Қалалық бағыттардың бірінің автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған адамдарды қағып кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық