Жұбаныш Жексенұлы мас болып, әуежайда жанжал шығарды ма?
Фото: Instagram / Жұбаныш Жексенұлы
Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына әуежайда мас күйінде өзін рұқсатсыз бейнежазбаға түсірген әйелге дөрекілік көрсеткені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл оқиға 21 шілде түнгі уақытта Астана қаласының халықаралық әуежайында болды. Жұбаныш Жексенұлы өзін видеоға түсіре бастаған әйелге балағат сөздер айтқан әрі келіншектің қолын қағып жіберіпті.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін әншіге 20 АЕК 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салды.
«Жексенұлы өзінің кінәсін жартылай мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады. Жәбірленуші әйел оқиғаны растаған әрі сотта құқық бұзу факті бейнежазба арқылы дәлелденген», — делінген мамандандырылған ауданаралық соттың түсіндірмесінде.
Мұндай бұзақылық жасаған адам заң бойынша 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамалады немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Алайда, әлеуметтік желіде көпшілік әншінің рұқсатынсыз өзін видеоға түсіре бастаған келіншектің ісі де дұрыс емес екенін әрі оны да жазаға тартуды жазып жатыр. Желі қолданушылары, егер келіншек телефонын алып, жеке шекараны бұзып түсірмегенде арты мұндай болмайтынын айтып пікір қалдырып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық