«Жомарт» кенішіндегі 7 адамның өлімі: апаттың алдын ала қорытындысы шықты
Фото: Orda.kz
«Жомарт» кенішіндегі апаттың алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Комиссияның алдын ала қорытындысы бойынша, кеніштегі апатқа тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі себеп болған. Содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болды.
Бірақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталмады. Комиссия жауапты тұлғалар тобы белгілі болғанын айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға ережені бұзбай, апаттың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтау бойынша автоматтандырылған жүйе енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.
Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішіндегі шахтада апат болып, жеті жұмысшы жер астында қалып қойды. 18 ақпан күні таңертең төтенше жағдайлар министрлігі жетеуі де қаза болғанын хабарлады. Қазақстан үкіметі «Жомарт» кенішіндегі апатқа байланысты арнайы комиссия құрды.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады