Жолды жер жұтқандай: Қаланың қақ ортасы 50 метрге опырылып түсті
Фото: бейнеден кадр
Бангкоктың қақ ортасында жол төмен қарай 50 метрге опырылып түсіп, алып шұңқыр пайда болды. Қалада көлік қозғалысы тоқтап, маңайдағы адамдар жаппай эвакуацияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
AP мәліметінше, қайтыс болғандар жоқ. Бірақ үш көлікке зақым келгенін Бангкок губернаторы Чадчарт Ситтипунт мәлімдеді. Оның айтуынша, опырылуға жер астындағы жаңа метро станциясының құрылысы себеп болыпты.
Оқиға орнынан түсірілген видеоларда жолдың беті біртіндеп төмен түсіп, бірнеше электр бағанасын өзімен бірге құлатып, су құбырларын бүлдіргені көрінеді. Шұңқыр үлкейген сайын көліктер шегінуге тырысқанымен ол төрт жолақты көшені толық қиратты. Шұңқырдың бір шеті полиция бөлімшесінің алдына дейін жетіп, ғимараттың жер асты құрылымын ашып тастаған.
Жақын маңдағы аурухана амбулаторлық қызметті екі күнге жабатынын хабарлады. Қала билігі аурухана ғимаратына зақым келмегенін айтты, бірақ полиция бөлімшесі мен басқа да ғимараттардан адамдар эвакуацияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық