Жолды күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
2020 жылы 3 мыңға жуық лауазымды тұлға жолдарды күтіп ұстауға қатысты жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі де өткір тұр. Еліміздегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, әрбір төртінші өлім-жітім мен жарақаттану - солардың үлесіне тиесілі. Бұған қоса, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты да проблема бар. 2020 жылы жол жүру ережесін бұзған 200 мыңнан астам жаяу жүргінші анықталды», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Оның сөзін, әлемдік тәжірибе бойынша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін - жүргіншілерге арналған дамыған инфрақұрылым ғана қамтамасыз ете алады. Осыған сәйкес, өткен жылы жол инспекциясы бөлімшелері шамамен 500 мың шақырымды қамтитын автокөлік жолдарында 25 мың зерттеу жүргізді.
«Зерттеу нәтижесі ел жолдарына қосымша 23 мыңнан астам жол белгісін орнату қажеттігін көрсетті. Жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 57,5 мың жол инфрақұрылымы ақауы анықталды. Қызметкерлеріміз оларды жою үшін 25 мыңнан астам ұйғарым шығарып, жолды күтіп ұстауға жауапты шамамен 3 мың лауазымды тұлға жауапқа тартылды», - деді Серік Түсіпов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
