«Жол сапасына 20 мың шағым»: 6 триллион жұмсалған Қазақстан жолдарының сапасы
Фото: Orda.kz
Соңғы бес жылда Қазақстанда жолдарды жөндеу мен салуға 6 триллионнан астам теңге жұмсалғанымен, олардың сапасы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәліметтеріне сүйенсек, соңғы екі жылда мемлекеттік органдарға жол сапасының төмендігіне қатысты 20 мыңнан астам шағым келіп түскен.
«Мәселен, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ бұл жол желісінің жай-күйіне қатысты халық шағымын азайтқан жоқ» деп хабарлады агенттік.
Қоғам өкілдері бұл мәселені сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады. Агенттік мәліметтеріне қарасақ, жемқорлық жолды жоспарлаудан бастап оның құрылысын қадағалауға дейінгі кезеңде жалғасады.
«Биылғы жылдың басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеді. Сыртқы талдау жоспарлаудан бастап бақылау мен күтіп ұстауға дейінгі жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жүйелі жемқорлық қаупінің бар екендігін көрсетті. Бастапқы кезеңде проблемалық учаскелер дұрыс анықталмайды, жақында салынған жолдарға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобалау кезінде жұмыс пен материал бағасы сметада шамадан тыс жасанды түрде жоғарылатылады» деп мәлімдеді агенттік.
Сонымен қатар, келісімшарттар көбінесе тәжірибесіз әрі қажетті ресурстары жоқ компанияларға беріліп, техникалық бақылау қызметі міндеттерін тек қағаз жүзінде орындайтыны сапаның нашарлауына ықпал етіп жатыр.
Мәселені шешу үшін Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 90-нан астам ұсыныс жасады. Солардың бірі — Атырау облысында бір автожолды орташа жөндеу барысында қаржының жұмсалуын «Цифрлық теңге» жобасы арқылы бақылау, оны қазірдің өзінде сынақтан өткізу басталды.
Дегенмен, бақылау жүйесі мен нормативтік база толық жетілдірілмейінше және жолдардың цифрлық картасы жасалмайынша, Қазақстандағы автожолдар сапасының жақсаруы екіталай.
Жаңалықтар
- «Шолпы — сән емес, тәрбие»: Қазақ мәдениетіндегі шолпы және оның заңды қорғалуы
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі