Жол саласындағы былық азаймай тұр
Ақмола облысында 100 миллион теңгеге жуық субсидия ұрлығы анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
— Ауыл шаруашылығы саласындағы шаруаларды арзандатылған бағамен дизельдік отынмен қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мұндай жұмыстар субсидиялау саласында да жүргізілді. Тек жұмыстың бір түрі бойынша ғана 100 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырудың қылмыстық схемасы анықталды, - деді жұма күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахымов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Бурабай ауданындағы жайылымға арналған, бұрын пайдаланылмаған 11 жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды.
— Қабылданған шаралар аудандағы жер тапшылығын және әлеуметтік шиеленісті ішінара азайтуға мүмкіндік берді, - деді жергілікті «антикор» басшысы.
Тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы жолының орташа жөндеу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп, өрескел бұзушылықтар анықталды. Мысалы, алынған 29 сынаманың 25-і нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген.
— Жүргізілген жұмыстардың арқасында мердігер жолдың барлық сәйкес емес учаскелеріндегі жабын қабатын толығымен ауыстырып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп қосты Рахымов.
Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты