Жол көрінбейді: Жамбыл облысында не болып жатыр?
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазба таратты. Кадрлардан полиция формасын киген үш ер адамның тас жолға шығып, аяғынан әрең тұрғаны көрінеді. Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды сұрайды.
Жамбыл облысы аумағында екпіні секундына 30 метрге жететін желдің күшеюіне байланысты көлік жүргізу қауіпті, аса сақтық қажет. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаменті азаматтарды шақырады:
- ауа райы жағдайын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ қашықтыққа сапарларды алдын ала жоспарлауға;
- Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға;
- ауа-райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерде жүруді шектеуге;
- қажет болған жағдайда – баламалы көлік түрін пайдалануға.
– Жамбыл облысындағы елді мекендерден тыс жерлерге шығу қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан ауа райының нашарлауына байланысты Қаратау және Жаңатас қалаларынан шығатын жол жабылды. Құтқару қызметінің мәліметінше, 18 қарашаға дейін өңірде қауіп төніп тұр. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерде жүруді шектеуге шақырады, - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ал, әлеуметтік желілерде Таразда түсірілген видеолар пайда болды. Кадрлардан қатты желдің үйлердің шатырын ұшырып әкеткені көрсетілген. Сонымен қатар, шаң мен қарлы боран әсерінен қалада көру мүмкіндігі азайып отыр.
«Қазгидромет» Таразда таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 32 метрге жеткенін хабарлады. Ведомство 14 қарашада «стихиялық гидрологиялық құбылыс» дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

«15 қарашада түнде және таңертең таулы аймақтарда, сондай-ақ 17 қарашада тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аймақтарында қалың қар күтілді.Таразда 15-18 қарашада түнде және таңертең тұман, 18 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метр, кей жерлерде секундына 30 метр немесе одан да көп болуы мүмкін», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық