Жол қауіпсіздігіне байланысты жаңа жобалар ұсынылды
ҚР Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты семинар-кеңес өткізді. Бүгінгі күні Қазақстанда 4,3 млн көлік құралы тіркелген. Көліктің көптігіне байланысты жол-көлік оқиғаларының саны да өсуде.
Ішкі істер органдарының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың 3 айында республикада 2621 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 363 адам қайтыс болып, 3605 адам жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11,7% -ға өскен.
Жол-көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қарсы жолаққа шығуы сияқты көлік тәртібінің төмендігінен. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне жолдардың жағдайы мен инфрақұрылымы да әсер етеді.
Шараға ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы және елдің бірқатар салалық мекемелері қатысты.
Семинарда Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары жолдарында пилотты жобаны іске қосу туралы ұсыныс қаралды. Алдағы уақытта жетілдірілген техникалық шешімдер нақты жағдайларда тексеріліп, қазақстандық жолдардың ерекшеліктеріне бейімделетін болады.
Ұсынылған жобалар арасында проекциялық және интеллектуалды жаяу жүргіншілер өткелдері, 3D көлемдік форматтағы баламалы және интерактивті жол белгілері бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық