Жол апатында тірідей өртеніп кеткен жүргізуші кінәлі деп танылды
Фото: Мой город
2024 жылдың 24 маусымда Самара — Шымкент тас жолында жан түршігерлік апаттан үш адам қаза болды, көлікте бала болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жол-көлік оқиғасы өткен жылдың ең қорқынышты апаттарының бірі. Toyota Prado мен жүк көлігінің соқтығысуынан жеңіл көлік бірден өртке оранды. Toyota Prado жолаушылары, яғни Әлібек пен Құралай Меңдіғалиевтер және олардың тоғыз жасар немересі Темірлан қаза тапты.
Бүгін Орал қаласында сот отырысы өтті. «Мой город» басылымының жазуынша, сотта айыпталушы ретінде екі жүргізуші де қаралды: жүк көлігін басқарған Жамбыл облысының тұрғыны Двумар Люшанло мен жеңіл көлікте қаза тапқан Әлібек Меңдіғалиев.
«Сот үкімімен Двумар Люшанло ҚР ҚК-нің 345-бабы ("Жол жүру ережелерін бұзу") бойынша ақталды. Ол сот залынан қамаудан босатылды. Сонымен қатар, ақталған тұлғаға реабилитация құқығы берілді», деп айтылған сот шешімінде.
Қайғылы оқиғаға кінәлі деп қаза тапқан Әлібек Меңдіғалиев танылды.
«Қазасына байланысты Меңдіғалиев жауапкершіліктен босатылды», деп сот үкімін оқыды сот Асылбек Иманғалиев.
Апат кезінде қаза тапқандардың туыстары сот шешіміне қарсы шағымданатындарын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды