Жоқшылық: Ақтаудағы «Қазақтелеком» қызметкерлері Бағдат Мусинге шағымдарын айтты
Фото: gov.kz
«Қазақтелеком» АҚ-ның Маңғыстаудағы филиалының қызметкерлері компанияның басқарма төрағасы Бағдат Мусинге бейнеөтініш жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұмысшылар азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты жалақы жетпейтініне шағымданды. Қызметкерлердің айтуынша, олар жоқшылықтан әбден тарығып жүргенде компанияның топ-менеджерлері қомақты сыйақы алатын көрінеді.
«Біз жақында басқарма мүшелері 10 жалақы мөлшерінде сыйақы алғанын білдік. Ал барлық жұмысты атқаратын қарапайым қызметкерлерге 20 мың теңгеден төленді. Бұл нағыз әділетсіздік», — деді қызметкерлер.
Қызметкерлердің айтуынша, елдегі экономикалық жағдай қиын және жалақы инфляцияға сәйкес келмейді. Orda.kz «Қазақтелеком» АҚ-ға сауал жолдады. Компанияның баспасөз қызметі ресми түсініктеме дайындап жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Байқоңыр ғарыш айлағына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы шеңберінде жасалған жаңа «Союз-5» зымыраны жеткізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық