Жоғарғы сот депутат Тұрлыхановтың ұлының үкімін қайта қарайды
Фото: Orda
Бүгін, 14 мамырда Жоғарғы Сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты әскери соттың үкімі қайта қаралып жатыр.
Нұрасыл Болатқа екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының екінші бөлігінің 1 және 5-тармақтары бойынша 500 айлық есептік көрсеткіш төлеуге міндеттелді.
Заңгер Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Чернов қорғаған жәбірленуші тарап мәжілісменнің ұлына тым жеңіл әрі әділетсіз үкім шығарылды деп санайды.
Чернованың айтуынша, сот Нұрасыл Болат қылмыс жасаған сәтте әскери бөлімнен шығып, антты бұзғаны және мас күйінде болған - жазаны ауырлататын мән-жайларды есепке алмаған.
«Алдағы уақытта заңға енгізілетін жаңа өзгерістерге сәйкес, осы бап бойынша және ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша айыппұл және бас бостандығын шектеу түріндегі баламалы жаза алынып тасталды. Заң шығарушы бұл әрекеттен адам денсаулығының құнсыздануын көріп, бас бостандығынан айыру түріндегі әділ жаза белгіледі. Біздің ісімізде әділдік орнайды деп сенемін! Әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан, заң мен сот алдында бәрі бірдей»,- деді Чернова.
Еске сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 11 ақпанына қараған түні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің жанындағы көлік тұрағында болған. Шабуылшы қызын және оны жақтауға тырысқан адвокат жұпты ұрып-соққан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық