Жоғалып кеткен екі бала табылды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бір сағаттың ішінде жоғалған балаларды тапты, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.
Алтай ауданы полиция бөлімінің «102» жедел желісіне 16 наурыз күні сағат 15:39-да екі баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түсті.
— Әйел адам сағат 12:00-де мектептен шыққан сегіз жастағы ұлының үйге оралмағанын, қазір қайда жүргені белгісіз екендігін хабарлады. Бұдан бөлек, тағы бір әйел 12.00 шамасында үйден сабаққа шыққан 10 жастағы ұлының мектепке келмегендігі туралы жеткізген. Аталған факті бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Алтай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған балаларды іздеуге шықты. Жертөлелер, шатырлар, кәріз шұңқырлары, қараусыз қалған ғимараттар түгел тексерілді, - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстары нәтижесінде, балалар үйден 5 шақырым жердегі Вторушка өзеніне ойнауға барып, қайтар жолда адасып кеткені анықталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары балаларды ата-аналарына тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық