Жоғалған қызды бейтаныс адаммен қараусыз қалған үйден тапты
Қаражал қаласында 26 сәуірде кішкентай қыз жоғалып кетті. Ол 55 жастағы ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды.
Толығырақ Orda.kz сайтында.
Қарағанды облысының Қаражал қаласында төтенше жағдай орын алды. 26 сәуірде кешке ауладан бүлдіршін қыз із-түссіз жоғалып кетті. Анасы қызынын жоғалып кеткенін байқап полицияға хабарласты.
— 26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы тұрғыннан қызының жоғалып кеткені туралы арыз келіп түсті. Полиция қызметкерлері, әкімдік, ТЖБ өкілдері және еріктілер қалада іздестіру іс-шараларын өткізді. Іздеу барысында қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны табылды, оның жанында бүлдіршін қыз бала болған, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер кісі мен бүлдіршін қараусыз қалған үйде не істегені әлі белгісіз. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды, - деп толықтырды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық