ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, мұнай бағасы 85 доллар болады – Смайылов
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері туралы баяндаманы тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, сондай-ақ осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр.
Премьер-Министрдің айтуынша, бюджет шығыстарын ішкі қайта бөлу және бюджет түсімдерін арттыру есебінен 2,2 триллион теңгені нақтылау жоспарланып отыр. Осы ретте шағын және моноқалаларды дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, жылумен қамту жүйелерін салуға және реконструкциялауға, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ ауыл халқын жаппай жұмыспен қамту үшін жағдай жасауға қосымша қаржы бөлу көзделген.
– Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласын дамыту үшін жолдар салуға және реконструкциялауға қаржы бөлу, пойыздарды жаңарту, жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларға, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайын жақсартуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр. Президент елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті, – деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық